14 қыркүйекте «Самұрық-Энерго» АҚ ұйымдастырған Екібастұз энергетикалық кешенінің кәсіпорындарында қазақстандық журналисттер үшін пресс-тур өтті.

press tour 3

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызығушылық танытқан нысандардың бірі Қазақстанның ең ірі электр станциясындағы №1 энергоблокты қалпына келтіру бойынша құрылыс алаңшасы болды. Аталған жоба, пайдаланудан шығарылған энергоблоктарды қалпына келтіру бойынша үш жобаның соңғысы, станцияның қолданымдық қуатын 500 МВт-қа дейін арттыру мақсатымен жүзеге асырылуда.

press tour 1

2021 жыл және 2021 жылдың 8 айы кезеңінде осы жобаға қаржыландырылған инвестициялар көлемі 39,71824,101 млрд теңгені құрады. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің бас директоры Еділ Копенов айтып өткендей, қазіргі таңда ескі жабдықтар мен конструкцияларды демонтаждау толықтай аяқталды және жаңа технологиялық жабдықтауды орнату басталды. Станцияда жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. Құрылыс кезеңінде 200-400 жұмыс орындары құрылады. Жобаның аяқталуы 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарлануда.