Екібастұздық МАЭС-1 энергетиктері әрдайым жерлестеріне ерекше ілтипатпен және жанашырлықпен қарайды. Білім күні қарсаңында да олар белсенділік танытып республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіпорын қорынан Екібастұз қаласының №9 және №11 қамқорлықтағы мектептерінің оқушыларына, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған станция қызметкерлерінің балаларына көмек көрсету үшін ақшалай қаражат бөлді.Екібастұздық МАЭС-1 энергетиктері әрдайым жерлестеріне ерекше ілтипатпен және жанашырлықпен қарайды. Білім күні қарсаңында да олар белсенділік танытып республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіпорын қорынан Екібастұз қаласының №9 және №11 қамқорлықтағы мектептерінің оқушыларына, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған станция қызметкерлерінің балаларына көмек көрсету үшін ақшалай қаражат бөлді.

Бөлінген қаражатқа МАЭС-1 қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы №9 және №11 орта мектептің аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100 балаға мектепке қажетті заттарды, оның ішінде сөмкеден бастап кеңсе заттарын толығымен алып берді.

Көмекке мұқтаж МАЭС-1 қызметкерлерінің балаларына қажетті заттарды сатып алу мақсатында жиырма мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жалпы бұл акция аясында 90 оқушы – кәсіпорын қызметкерлерінің балалары қамтылды.

«Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1» ЖШС бас директоры Көпенов Еділ Құдайбергенұлы өз сөзінде:

- «Біздің кәсіпорынның ұжымы әрдайым өскелең ұрпаққа назар аударып, оларды қуанышқа бөлеуге тырысады. Бүгінгі мереке қарсаңында да оқушылар мен олардың ата-аналарын қуантып бір игі іс жасады» - деді.