«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС «Құрбан айт» мейрамының аясында мейірімділік пен қайырымдылық дәстүрі бойынша мұқтаж адамдарға көмек көрсету үшін 2 млн. аса теңге бөлді.

Азық-түлік жинақтары көмекке мұқтаж отбасыларға мекенжайлық беру үшін Энергетикалық муниципалдық округтың №9 және №11 мектептерінің әкімшіліктеріне берілді. Станцияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.Чигцинцева:  «Мұндай маңызды мейрамға 1-МАЭС көмек көрсетуі әлдеқашан дәстүрліге айналды. Станция жұмыскерлерінің  бөгденің қайғысынан қалыс қалмауы және әрдайым мұқтаж адамдарға азық-түлік жинақтарын қалыптастыру мен жеткізуге қолдан келерлік көмек көрсетуге дайын болулары өте маңызды» - екендігін атап өтті.