«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-ның бас директоры Еділ Копенов сессияның жұмысына белсенді қатысты.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов сессия аясында сөйлеген сөзінде: «Екібастұз 1-МАЭС-тің жанында жаңа индустриялық аймақ құру Екібастұз қаласын дамытудың алдағы 5 жылға арналған кешенді жоспарында көзделген негізгі даму аспектілерінің бірі болады», - деп атап өтті.

«Жаңа кәсіпорындардың өндіруші компанияға жақын орналасқандығы инновациялық өндірістерді электр энергиясымен еш қиындықсыз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті станцияның бас директоры Еділ Құдайбергенұлы.

Бүгінгі таңда Екібастұздың экономикасы 65%-ға отын-энергетика кешеніне  тәуелді. Бұл едәуір жоғары тәуелділік. Кешенді жоспардың мақсаты - 10 жыл ішінде өңірдің отын секторына тәуелділігін 65%-дан 50%-ға дейін төмендету, ал кейіннен оны 35-40%-ға дейін жеткізу. Кешенді жоспар бес жылдық бағдарлама болып табылады, осы мерзім ішінде Екібастұзда барлық сын-қатерлерге жауап беретін траектория бойынша болашақта даму үшін негіз қалануы тиіс.

strategy session 1

Фотосурет «Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметімен ұсынылды.