31 мамыр, жексенбі күні, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Жангелді көлінің жағасында Екібастұз 1-МАЭС жұмысшыларының отбасылары арасында «Балалық шақ ғаламшары» мерекелік іс-шарасы өтті.

children day 1

Конкурс кәсіпорынның кәсіподақ ұйымының күшімен ұйымдастырылып, оған барлық тілек білдірушілер қатыса алды. Мереке көктемгідей жылы, көңілді және қызықты өтті. Конкурстар балаларға деген сүйіспеншілікпен ойластырылып, әр қатысушы отбасы номинациялардың бірінде жеңімпаз атана алды. Ең үздіктерді «Спортқа бейімді отбасы» («Ең спорттық отбасы»), «Аспаздық іс», «Шығармашылық толқу», «Білім – күш» номинациялары бойынша таңдады.

children day 2

Мереке барлық қатысушыларға жүлделер мен сыйлықтар берумен аяқталды, олардың арасында «Антошка» ойыншықтар дүкеніне сертификаттар, жазғы демалысқа арналған аксессуарлар, скейтбордтар, роликті конькилер, жазғы отбасылық демалысқа арналған жинақтар, жағажай қолшатырлары, пикникке арналған ыдыс және тағы басқалары болды. Ересектер де, балалар да сыйлықсыз қалмады. Мереке соңында көңілді пикник өтті, онда ата-аналар да, балалар да еркін араласып, көңіл көтерді.

children day 3

Конкурс қатысушылары ұйымдастырушыларға осындай мереке үшін алғыстарын білдірді:

Инженер Екатерина Зоць: «Мереке ұйымдастырушыларына үлкен рахмет! Өкінішке орай, қазіргі өмір ырғағымен балаларымызбен өте сирек белсенді уақыт өткіземіз, бірақ біздің сүйікті қыздарымыз оны түзетті! Бәрімізді бірге жинап, қызықты конкурстар мен эстафеталар ойлап тапты! Балалар мәз болды, ал ата-аналар олардан да қуанышты, өйткені біз бәріміз бір сәтке де бала болғымыз келеді, менің ойымша, әр ересек қатысушы осы сәттерде балалық шаққа оралғандай болды! Сіздерге тағы да рахмет айтамын!!!» -деп, өз ойымен бөлісті.

children day 4

Материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы, көп балалы ана Әсел Аладинскаяның пікірінше, станция Кәсіподағымен ұйымдастырылған, Балаларды қорғау күніне арналған мереке қызметкерлер күткеннің бәрінен асып түсті: «Біз мұндай эмоцияларды көптен бастан өткерген жоқпыз. Балалармен бірге демалу және жұмыстан бос уақытта станция жұмысшыларымен қарым-қатынас жасау бізді отбасы ретінде біріктіріп, позитивті күш-қуат берді. Балаларға мереке өте ұнады. Конкурстарға қатысу, бір-бірімізге жанкүйер болу, біздің ер адамдар мангалда өте дәмді қылып дайындаған тамақтардан бірге дәм тату өте қызықты және көңілді болды. Ал сыйлықтар... бұл бөлек тақырып. Бірде-бір қатысушы назардан тыс қалған жоқ. Сыйлықтар жай ғана жақсы емес, сонымен қатар балалар үшін де, ересек адамдар үшін де өте пайдалы. Осындай мерекелер көп болса екен дейміз. Өйткені, біз бейресми жағдайда әріптестерімізбен сирек араласамыз".

children day 5

Анастасия Голубева: «Осындай тамаша отбасылық мереке үшін ұйымдастырушыларға рахмет. Өте ұйымшыл және көңілді өтті. Біз өзіміз де кішкентай бала сияқты болдық. Сіздерге үлкен рахмет. Сыйлықтар да керемет!» деп жазды.