«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Көпенов Еділ Құдайбергенұлы «Болат Нұржанов атындағы 1-МАЭС» ЖШС-ның бас директоры болып тағайындалды.

kopenov

Бұған дейін Еділ Көпенов «Самұрық-Энерго» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды.

1992 жылдан бастап басшы қызметінде жұмыс істеді. Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін, Д.А. Қонаев атындағы университетті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірді.