Адамзаттың басты құндылығы ретіндегі қауіпсіздіктің ежелден келе жатқан өзіндік шығу және даму тарихы бар. Оның құрамдас бөлігі - өмір сүру сапасы мен адамның тіршілік ету жағдайы. Өндірістегі қауіпсіздік сапасы жазатайым оқиғалар мен жарақаттанушылықтың болмауымен бағаланады. Сондықтан жетекші компаниялар өндірістегі қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін көтеруге, еңбек жағдайларын жақсартуға және ақпараттық технологияларды енгізуге ерекше назар аударады.

Нормативтік-құқықтық базаға жасалған талдау жекелеген елдер іс жүзінде Ірі өнеркәсіптік апаттардың алдын алу жөніндегі халықаралық конвенцияны және Химия өнеркәсібіндегі қауіпсіздік жөніндегі халықаралық бағдарламаны ұстанатынын көрсетеді. Оларда заманауи ақпараттық технологиялар ескеріле отырып, түрлі құралдарға, оның ішінде ықтимал қауіпті тіркеу үшін онлайн-платформаларды пайдалануға қатысты сипаттамалар беріледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстандағы ең ірі энергетикалық холдингтердің бірі ретінде өндірістегі қауіпсіздік сапасын арттырудың маңыздылығын бағалайды және қызметкерлер арасында мәдениетті дамытудың жаңа тәсілдерін енгізеді. Сондай-ақ, биыл бірқатар еншілес және тәуелді ұйымдарда пилоттық форматта сәйкессіздіктерді тіркеуді автоматтандыруды көздейтін «Қауіпсіз өндіріс» жобасы енгізілуде. Өндірісті және технологиялық процестерді басқару жүйелерінің күрделенуін ескерсек, бұл - авария статистикасының оң динамикасын болдырмау, өнеркәсіптік және экологиялық тәуекелдерді азайту үшін өте қажет шара.

Екібастұз ГРЭС-2 қызметкері Мұрат Байтеміров өндірісте 30 жылға жуық еңбек етіп келеді. Қазіргі уақытта ол станцияның өндірістік қауіпсіздігін басқарады.

murat baytemirov

«Ширек ғасыр ішінде мен талай рет өндірістегі жазатайым оқиғалардың куәсі болдым және өлімді де аз көрген жоқпын. Олардың себептері де әр түрлі: қызметкерлердің немқұрайлылығы, қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігі және т.б. Мен шынымен де ақпараттық прогреске және қызметкерлердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін фактілерді тіркеу мен есепке алуды оңайлату және оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарға қатты қуаныштымын».

Процестердің ашықтығы, мәліметтердің қол жетімділігі - барлығымыз үшін бір жүйе

Жоба холдингтің мынадай үш ірі активінде сынақтан өткізілуде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ және «АлЭС» АҚ / 3-ЖЭО-3/. Отандық өндіріс «ASPANS» негізіндегі ақпараттық жүйе салыстырмалы түрде жақыннан - 2015 жылдан бері Қазақстан нарығынан орын алды. Бірақ ол өзін жақсы жағынан көрсете алды және оны «ҚазАтомӨнеркәсіптің» кейбір өндірістік объектілері пайдаланады. Бұл сәйкессіздіктерді online режимінде тіркеуге, сондай-ақ кәсіпорындағы жүйелік проблемаларды талдау мен анықтауға, оларды шешудің негізгі себептерін іздеуге мүмкіндік береді. Болашақта платформа шұғыл және қосалқы қызметтердің тиімді жұмыс істеуі үшін бірыңғай техникалық инфрақұрылымға айналуы мүмкін.

study gres

«Көптеген қызметкерлер бастапқыда бұл бастамаға жатырқай қарады. Барлық жазбалар көптеген жылдар бойы қағаз журналдарда сақталып келді, бұған көз үйренген, бірақ тиімді емес, әсіресе цифрландыру дәуірінде. Біз тренинг өткіздік, қызметкерлер платформамен, жаңа мүмкіндіктермен танысты. Бірқатар жүйелік мәселелер қалды, бірақ олар әзірлену үстінде. Оларды станция басшылығының қолдауымен шешеміз деп ойлаймын», - дейді Мұрат Байтеміров.

secure production 1

Қосымша арқылы ГРЭС-1-дің 300 қызметкері, ГРЭС-2-нің 200 қызметкері және  Алматы станциясы 3-ЖЭО-ның 130 қызметкері оқудан өтті. Еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметкерлері ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін қауіпті жағдайларды тіркеуді бастады.

Жобаның мониторингіне сәйкес, оқудан кейінгі бірінші аптаның ішінде жүйеде станция қызметкерлерінің елуге жуық ескертулері пайда болды. Жобалау тобы ең белсенді және алғашқы қатысушылардың қатарында Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2-нің мына жұмысшыларын:

  • Александр Валерьевич Новиковты,
  • Александр Александрович Кулиевті және
  • Виктор Александрович Полегаевты

 ерекше атап өтті.

Жүйеде қызметкерлер заң бұзушылық фактісін және оған қандай алдын-алу шараларын қолданғанын көрсетеді.

secure production 2

- «Қызметкер қолда бар қорғаныш көзілдірігін қолданбай, балғамен ұрды».

- «Әңгіме өткізілді. Жұмысшы көзін  жарақаттап алуы мүмкін екенімен келісті. Көзілдірігін киіп, жұмысын жалғастырды». 

Шындығында, жобаның жетістігі жүйенің тамыр жайғанында немесе қызметкерлердің қайта даярлаудан өтіп, жазба қалдыруды үйренуінде емес, Интернет платформада. Қызметкерлерден сигналдар неғұрлым көбірек түссе, әр қызметкердің қауіпсіздік деңгейін көтеруге қаншалықты мүдделі екендігі, олардың өздерінің және әріптестерінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті қаншалықты сезінетіндігі туралы мәселе соншалықты айқынырақ әрі нақты болады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жарақаттанудың алдын-алу, өз өміріне мұқият қарау, немқұрайлы болмау, корпоративтік рух - жазатайым оқиғалардың алдын алуға қабілетті болмақ.

work without helm

Еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлердің арасында мәтелге айналып кеткен мынадай сөз бар: «Қауіпсіздік ережелері қанмен жазылады». Мұнда қайғылы болса да шындық жатыр. Сондықтан компаниялардың жаңа технологияларды қолданудағы қадамдары тәуекелге негізделген әдісті ендіруге және жарақатқа мейлінше төзімділік көрсетуге бағытталған.