«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасы жобаларының Портфелі өндірістік қауіпсіздікті дамытуға, клиенттермен және жеткізушілермен жұмыс істеуге және өндірістік үрдістердің реинжинирингі арқылы шығындарды оңтайландыруға бағытталған жаңа жобалармен және іс-шаралармен толықтырылды. Жаңартылған жобалар Портфелі мен трансформациялау бағдарламасының басқа да бірқатар мәселелері басқарма төрағасы Бақытжан Жоламановтың басшылығымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Жаңғырту жөніндегі Кеңес мүшелерімен келісілді.

Жобалар Портфелін жаңарту – компаниядағы маңызды әрі циклдік үрдіс. Бизнес-ұсыныстардың қалыптастырылған тізбесінің алдында үлкен талдамалық жұмыс жүргізіледі, оған, әсіресе биылғы жылы, холдингтің барлық еншілес тәуелді ұйымдары (ЕТҰ) қатысты.

zhulamanov

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Төрағасы Бақытжан Жоламанов Жаңғырту Кеңесінің отырысын ашып, Жаңартылған жобалар Портфелі, трансформацияны жүзеге асырудың жаңа тәсілдеріне сәйкес құрылғанын атап өтті. Сонымен қатар, олар жаңа идеялар мен жобаларды ісздестіруге бағытталған.

«ЕТҰ-ның барлық бірінші басшыларына жаңа идеяларды іздестіру мәселесін пысықтауды, өндірістік үрдістерді жақсарту бойынша әлемдік тәжірибені қолдануды тапсырамын", - деді Бақытжан Жоламанов.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау жөніндегі Басқарушы директоры Еділ Көпенов Жаңартылған жобалар Портфелі мен Цифрлық Трансформациялау бағдарламасының басқа да бақылау құжаттарын ұсынды.

Жобалар портфелі 7 бастамаға бөлінген. Олардың бірі «Өндірістік қауіпсіздік» «Қауіпсіз өндіріс» жобасымен және «Медициналық тексерудің автоматтандырылған жүйесін енгізу» шарасымен толықтырылған. Бизнес-ұсыныстың екеуі де үрдістерді автоматтандыруды қамтиды.

Қазақстан үшін теңдессіз болып табылатын жоба – «Қазандық агрегаттарын мазутсыз жағу жүйесін енгізу». Ол үрдістердің реинжинирингі арқылы шығындарды оңтайландыру жөніндегі бастамасына кіреді және Плазмотронды орнатуды көздейді. Аталмыш қондырғы мазутты пайдалануды жоққа шығарып, қыздыру беттерінің тотығын азайтуға және қазандық жабдықтарының сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

kereibaev

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Цифрландыру және трансформациялау жөніндегі Басқарушы директоры Дәурен Керейбаев пандемияның «Клиенттер» және «Жеткізушілер» атты екі бастамаға қатысты жобалар Портфелінің Жаңартылуына да тиер әсерін атап өтті.

«Біз жаңа талаптарды ескере отырып, клиенттер мен жеткізушілердің байланыстарын барынша жойып, осы бағытты дамытуымыз керек. Сондай-ақ, компанияның тиімділігін арттыруға ықпал ететін жаңа идеяларды ұсынуды дамыту қажет», - деп атап өтті Дәурен Керейбаев.

Аталып отырған бастамаға «АЭС» ЖШС-нің электр энергиясын тұтынушылары үшін онлайн-қызметтерді енгізу бойынша іс-шаралары мен «АЖК» АҚ-нда Деректерді талдау көмегімен желілердегі коммерциялық шығындарды талдау жөніндегі жобасы енгізілді.

Қандай да бір жобаны талдау кезінде оның бірегейлігі ғана емес, сонымен бірге шығындардың коммерциялық компоненттен аспауы жағдайында пайдасы да ескеріледі. Табыс алмау себебінің жоғары тәуекелдеріне байланысты «Интеграцияланған жоспарлау жүйесі» жобасының үшінші толқынын жүзеге асырмау туралы шешімі қабылданды.

bag table

Енді 7 жобадан және 10 іс-шарадан тұратын Жаңартылған жобалар Портфелі ЖК мүшелерімен келісілді. Жобалар «ПВЭС» ЖШС, «ЕМАЭС-2 станциясы» АҚ, «ЕМАЭС-1» ЖШС, «SGE» ЖШС, «МГЭС» АҚ, «АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ, «ШГЭС» АҚ, «АЭС» ЖШС сияқты ЕТҰ қамтиды. 2021-2024 жылдарға арналған таза пайда 6 048 млн. теңгені құрайды.

ЖК мүшелеріне ақпарат беру мазмұны мен арналарын қамтитын IV тоқсанға арналған цифрлық трансформация бағдарламасын (ЦТБ) жылжыту жоспары келісуге ұсынылды. PR сияқты коммуникациялар ЦТБ-ның жетекші құралдарының бірі болып табылады. Жоспар бекітілді, ЕТҰ-ның бірінші басшыларына оны іске асыруға ЕТҰ-ның баспасөз қызметін тарту тапсырылды.

Сондай-ақ, ЖК мүшелері Цифрлық трансформациялау бағдарламасын іске асыру барысы туралы III тоқсанға арналған есебін келісті.