Сапар барысында станцияның бас директоры Әбішев М.У. облыс әкімін станцияның 2019 жылғы жұмыс нәтижелерімен таныстырып өтіп, 2020 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС 2019 жылды сағатына 18,301457 кВт электр энергиясын өндірумен аяқтады.

Жалпы, Қазақстан нарығында 1-МАЭС-мен өндірілген электр энергиясының үлесі 14,2%-ға артты.

Сонымен қатар, станция әр блоктың орташа блоктық жүктемесі 440 мВт құрайтын жеті энергоблоктың жұмысы кезінде 2089 МВт жүктемесімен күзгі-қысқы кезеңге толық дайындығын көрсетті.

Жалпы алғанда, барлық сегіз энергоблоктың жұмысы кезінде электр станцияның белгіленген қуаты 4000 МВт құрайды.

Жыл бойы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС өз тұтынушыларын үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін бірқатар іс-шаралар кешенін орындады.

Жылдың басынан бастап станцияда № 7,8 энергоблоктарға кеңейтілген жөндеу жүргізілді.

№ 4,5 энергоблоктарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, № 3 және № 5 энергоблоктар күрделі жөндеуден өткізілді.

Қазіргі уақытта, есеп бойынша соңғы, № 1 сегізінші энергоблокты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Станцияның басқа энергоблоктары сияқты, аталмыш энергоблок 99,6 % күл ұстау дәрежесі бар тиімділігі жоғары жаңа буындағы электр сүзгілерімен жабдықталатын болады.

Жабдықтағы энергия үнемдеушілік пен энергия тиімділігін арттыру үшін үлкен жұмыс атқарылды.

Қызметкерлерді оқыту және біліктіліктерін арттыру бойынша бірталай жұмыстар атқарылуда.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Қазақстан Республикасы энергетикасының флагманы болып табылады.