2020 жылғы 24 қаңтар күні қала әкімі Е.Б. Иманзаиповтың «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС ұжымымен есептік кездесуі өтті.

Кездесуге станцияның жалпы мәселелер жөніндегі директордың міндетін атқарушы Данияр Болат, қала әкімі Иманзаипов Ержан Бейбітұлы, қала әкімінің орынбасары Ахметов Б.К. , қала әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Тұрсұқпаев А.К., қаланың атқарушы органдары мен коммуналдық қызметтерінің басшылары қатысты.

Кездесу аясында станция ұжымы қала әкімі Е.Б. Иманзаиповтың атқарылған жұмыстар мен аймақтың 2020 жылға арналған даму перспективалары туралы есебін тыңдап, Екібастұз қаласы полиция басқармасының бірінші орынбасары Е.Ж. Букаевтың есебімен танысты.

Қала әкімі станция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, 2020 жылдың 6 ақпаны күні «Өнер» ҚМО-нда өтетін қорытынды есеп беру кездесуіне баратын «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің өкілдері сайланды.