«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС 2019 жылды сағатына 18,301457 кВт электр энергиясын өндірумен аяқтады.

Жалпы алғанда, Қазақстан нарығында 1-МАЭС-мен өндірілген электр энергиясының үлесі 14,2%-ға артты.

Бұл ретте, орташа блоктық жүктемесі 440 мВт құрайтын жеті энергоблок жұмыс істеп тұрып, станция 2089 МВт жүктемесімен күзгі-қысқы кезеңге толық дайындығын көрсетті.

Жалпы, барлық сегіз энергоблок жұмыс істеп тұрған кезде, электр станцияның белгіленген қуаты 4000 МВт құрайды.

Жыл бойы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС өз тұтынушыларын электрмен үздіксіз қамтамасыз ету үшін бірқатар іс-шаралар кешенін орындады.

Жыл басынан бастап станцияда № 7, 8 энергоблоктарға кеңейтілген жөндеу жұмыстары жүргізілді.

№ 4, 5 энергоблоктарға ағымдағы жөндеу жүргізіліп, № 3 және № 5 энергоблоктар күрделі жөндеуден өтті.

Қазіргі уақытта, есеп бойынша сегізінші соңғы, № 1 энергоблокты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Станцияның басқа энергоблоктары сияқты, аталмыш энергоблок 99,6 % күл ұстау дәрежесі бар тиімділігі жоғары жаңа буындағы электр сүзгілерімен жабдықталатын болады.

Жабдықтағы энергия үнемдеушілік пен энергия тиімділігін арттыру үшін үлкен жұмыс атқарылды.

2019 жылғы 1 наурыздан бастап қызметкерлерді оқытып, біліктілігін арттыру үшін оқу сыныбы мен жаттықтыру орталығы құрылды.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС Қазақстан Республикасы энергетикасының флагманы болып табылады.

Электр энергиясы нарығында кәсіпорын сенімді жеткізуші ретінде белгілі.

Кәсіпорынның жұмыс қуатын ұлғайту Қазақстан Республикасы үшін қажет, өйткені бұл елдегі энергия тапшылығының туындау қаупін төмендетеді және ҚР Ұлттық экономикасының өсуіне ықпал етеді.