4-ші желтоқсанда Екібастұз 1-МАЭС қызметкерлерінің арасында «Мамандықтар бойынша үздіктер» дәстүрлі конкурсы басталды. Конкурс бірнеше жыл бойы өткізіліп келеді және келесідей алты номинацияларда жеңімпаздарды анықтауда: «Энергоблок машинисі», «Аралаушы машинист (қазандық және турбина жабдықтары бойынша)», «Токарь», «Жөндеу жөніндегі электросілесір», «Жөндеу жөніндегі сілесір (БГТЖ және ҚжТДЦ)», «Электргазбен дәнекерлеуші».

2

Осы жылы конкурсқа 100-ден аса қызметкерлер қатысты. Қатысушыларға станцияның Бас инженері Леонид Ларичев пен кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Чигвинцева тілек сөз айтты. Леонид Викторович әрбір жыл сайын конкурсқа қатысушылар санының артып келе жетқандығы ерекше қуаныш тудыратындығын атап өтті: «бұл біздің өндірістік қызметкерлер құрамының жоғары әлеуетпен және алға жүруге және дамуға ұмтылысымен ерекшеленетіндігін білдіреді». Өз кезегінде Татьяна Александровна өзінің құттықтауында «конкурстың барлық қатысушылары – жеңімпаздар болып табылатындығын, себебі қатысу үшін жалғыз тілектің аз болғандығын, өндірістік бөлімшелердің ішінде күрделі іріктеуден өтудің қажет болғандығын» айтып өтті.

3

Салтанатты бөлік аяқталғаннан кейін конкурстың бірінші кезеңі басталды – теориялық тестілеу. Жақын күндері қатысушыларды өндірістік сынақтар күтуде, конкурс алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша қабілеттерін тексерумен аяқталады. «Мамандықтар бойынша үздіктер» конкурсы жеңімпаздарының аттары «Энергетик Күні» кәсіби мерекесінің қарсаңында белгілі болады.