Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» ММ-нің мамандарымен электр станцияның қысқа әзір болуына баға беру бойынша жұмыстары өткізілді. Сарапшылар негізгі және қосалқы энергожабдықтардың техникалық жай-күйіне талдау жасап, қысқы жүктелім жағдайында жұмыс істеуге әзірлігін тексеріп, қызметкерлердің төтенше жағдайды қоса алғанда әрекет етуге даяр болу деңгейіне баға берді.

2019 жылғы жөндеулер жүргізу іс-шарасы аясында № 4 энергоблокқа ағымды жөндеу жұмыстары жасалып, № 7 және 8 энергоблоктарға ағымды кеңейтілген жөндеу жұмыстарын өткізу жүріп жатыр, сонымен қатар № 5 энергоблокқа күрделі жөндеу өткізу жұмыстары аяқталып, № 3 энергоблокқа күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары жалғасуда.  

Бақылау-қадағалау органдары 2019-2020жж күзгі-қысқы кезеңде энергия көзінің теріс температура шыңы жағдайында да артылған жүктелімді көтеретіндей техникалық тұрғыдан дайын болуын растап, әзірлік паспортын берді.

Екібастұз 1-МАЭС Қазақстан Республикасының нарығында электр энергияның ең ірі жеткізушілерінің бірі болып табылып, күзгі-қысқы кезең басталғанға дейін де тұрақты әзірлік көрсеткіштерін көрсетіп келді. Осылайша, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап қыркүйек айына дейінгі жұмыс қорытындылары бойынша станцияның жұмыс қуаттылығы 1 892 МВт-ты құрап, бір уақытта алты энергоблок жұмыс істеп тұрған кезде 3 028 МВт көрсеткішіне жетті.  

Соңғы маусым және қыркүйек айлары аралығындағы электр энергияның өндірілімі сағатына 6,448 млрд. кВт-ты құрап, бұл өткен жылдың осы кезеңдегі өндірілгенінен 3 %-ға көбірек.

Электр энергияны босатудың ұлғаюы ең алдымен Қазақстанның ең ірі электр станциясында қуаттылық резервінің болуына байланысты, бұл, өзге ірі электр станцияларында жөндеу жүргізу іс-шаралары өткізіліп жатқанда электр энергияны үздіксіз жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.