8 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласының «Алау» мұз айдынында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компания топтарының қызметкелері арасында өткен VI Спартакиадасы маусымының жабылу рәсімі өтті. 1-МАЭС қызметкерлері аталып отырған жарысқа спорттың төрт түрінен қатысты: волейбол, стритбол, киберспорт және үстел теннисі.

streetball2Қажырлы күрес нәтижесінде станцияның стритбол ойыншылары Спартакиаданың жүлдегерлері атанып, құрметті үшінші орынға ие болды. Волейбол командасы мен станция мүддесін үстел теннисі бойынша қорғаған спортшымыз Тищенко Сергейге сәл ғана күш пен сәттілік жетіспей қалып, олар турнир кестесінің төртінші сатысына жайғасты.  

streetball3Өткізілген демалыстан әрбір қатысушы естен кетпес керемет әсер алды. Жарыс жеңімпазы атанған қатысушының әрқайсысы «Спортмастер» дүкенінде сауда-саттық жасауға ақшалай сертификат түріндегі сыйлыққа ие болып, станция басшылығынан ақшалай сыйақы алды.  Стритбол бойынша команда мүшесі Виталий Любченко атап кеткендей: «Ешқайсымыз қарсыласымызды жеңе алмасақ та, бірінші кезекте, біз өзімізді жеңе білдік. Келешекте біз бұдан да жақсы нәтижелер көрсетуге тарысатын боламыз».