Екібастұз 1-МАЭС энергетиктері өздерінің жерлестеріне ешқашан бейқам қараған емес. Міне, дәл Білім күні қарсаңында «Мектепке апарар жол» атты республикалық науқаны аясында кәсіпорын қорынан Екібастұз қаласының № 9 және № 11 қамқорлыққа алынған мектептердің оқушылары мен қиын өмірлік жағдайдағы станция қызметкерлерінің балаларына көмек көрсету үшін жарты миллион теңге ақша бөлінді.

2Бөлінген қаражатқа 1-МАЭС қызметкерлерінің құрамынан құрылған жұмыс тобы № 9 орта мектептің аз қамсыздандырылған, көп балалы әрі ата-аналарының қамқорлығысыз қалған 50 оқушыға сапалы мектеп формасының тігілуін қамтамасыз етсе, № 11 мектеп оқушыларына жұмыс тобының мүшелері мектепке әбден дайындалып баруға көмектесті: кәсіпорын ата-аналардың ең көп ақша қажет ететін шығындарын мойнына алды - аяқ киім сатып алу (мектепке киюге және спортқа арналған), блузка, жейде, мектеп формасы. Барлығы 105 балаға көмек көрсетілді.3

1-МАЭС-ның көмекке зәру әрбір қызметкеріне бала басына он мың теңгеден қаражат бөлініп, қажетті заттарды сатып алу үшін әрқайсысының қолына қолма-қол ақша табыс етілді. Барлығы кәсіпорын қызметкерлерінің 48 оқушы баласы науқанға ілікті.4

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің бас директоры Мәди Уақасұлы Әбішев: «Біздің кәсіпорнымыздың қызметкерлері өсіп келе жатқан ұрпақтың өміріне араласудан ешқашан аянған емес. Және де осындай мереке күні қарсаңында оқушылар мен олардың ата-аналарына қуаныш сыйлай алғанымыз біздерді қуантпай қоймайды» - деп айтып кетті.   55