30 қаңтарда «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-не «Павлодар облысының кәсіподақтар орталығы» кәсіподақтар аймақтық одағының төрағасы                Динара Айтжанованың басшылығымен делегация келді.

Кездесуге 1-МАЭС энергетиктерінің кәсіподақ кеңесінің және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың өкілдері қатысты.                           «Екібастұз 1-МАЭС-1» ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы               Татьяна Чигвинцева станция өміріндегі кәсiподақтың ролі туралы әңгімелеп берді және 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Т                      атьяна Александровна өз баяндамасында еңбекті қорғау және                    әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша кәсіподақ жұмысының екі аспектісіне тоқталды. Мәселен, 1-МАЭС-дағы кәсіподақтың қолдауымен Халықаралық Еңбекті қорғау күнін мерекелеу, «Мамандығы бойынша үздік» кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді. Жаңа жылдық сыйлықтар,                         қысқы балық аулау конкурсы және балалар суреттері                                   кәсіподақтың барлық мүшелеріне әдеттегідей таныс болды. Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымы қызметкерлерге көмек беруге үлкен көңіл бөледі:                     2018 жылы, мысалға, қиын өмірлік жағдайдың пайда болуына байланысты 40 қызметкер материалдық көмек алды.

Салалық кәсіподақ төрағасы Динара Айтжанова өз сөзінде 1-ГРЭС кәсіподақ ұйымының тамаша жұмысын атап өтті және Павлодар облысының жеке кәсіпорындарының өміріндегі аумақтық кәсіподақтың рөлі туралы қысқаша айтып берді.

Дәстүр бойынша кездесу өндіріске экскурсияны өткізумен аяқталды.