ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» ММ-нің мамандарымен электр станцияның қысқа әзір болуына баға беру бойынша жұмыстары өткізілді. Сарапшылар негізгі және қосалқы энергожабдықтардың техникалық жай-күйіне талдау жасап, қысқы жүктелім жағдайында жұмыс істеуге әзірлігін тексеріп, қызметкерлердің төтенше жағдайды қоса алғанда әрекет етуге даяр болу деңгейіне баға берді.

Екібастұз 1-МАЭС энергетиктері «Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының өзге де топ қызметкерлерімен бірлесіп Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай басталған челленджді қолдап, одан әрі жалғастырды.

8 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласының «Алау» мұз айдынында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компания топтарының қызметкелері арасында өткен VI Спартакиадасы маусымының жабылу рәсімі өтті. 1-МАЭС қызметкерлері аталып отырған жарысқа спорттың төрт түрінен қатысты: волейбол, стритбол, киберспорт және үстел теннисі.

Қазақстанда дәстүр бойынша қыркүйек айының соңғы жексенбісі күні аталып өтетін «Еңбек күні» мерекесінде 1-МАЭС-ның басшылығы мен кәсіби комитеті, міне, екінші жыл қатарынан кәсіпорын ардагерлерін станцияға шақырып, жас мамандармен жиған-терген тәжірибелерімен бөлісу үшін қонақ қылып келеді.

Екібастұз 1-МАЭС энергетиктері өздерінің жерлестеріне ешқашан бейқам қараған емес. Міне, дәл Білім күні қарсаңында «Мектепке апарар жол» атты республикалық науқаны аясында кәсіпорын қорынан Екібастұз қаласының № 9 және № 11 қамқорлыққа алынған мектептердің оқушылары мен қиын өмірлік жағдайдағы станция қызметкерлерінің балаларына көмек көрсету үшін жарты миллион теңге ақша бөлінді.