«Әзіл Fest»: Екібастұз 1-МАЭС командасы «Самұрық-Энерго» АҚ КВН іріктеу кезеңіне қатысты

July 10, 2026

«Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің «Бірінші энергетикалық» командасы **«Самұрық-Энерго» АҚ ұйымдастырған «Әзіл Fest» корпоративтік КВН-нің іріктеу кезеңіне қатысты.

Сахнада Корпоративтік орталық пен еншілес ұйымдардың командалары бас қосып, көрермендерге энергетиктердің еңбек тынысына арналған әзілдер, музыкалық қойылымдар мен ерекше көріністерден тұратын жарқын бағдарлама ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша «Бірінші энергетикалық» командасы Екібастұз 1-МАЭС-тың намысын абыроймен қорғап, шығармашылық қабілетін, әзілге деген тапқырлығын және жоғары командалық рухын көрсетті. Команданың ерекше жетістігі – әріптесіміз Екатерина Кулиштің «Үздік актриса» арнайы номинациясына ие болуы болды.

Әріптесіміз Екатерина Кулишті лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ «Бірінші энергетикалық» командасының барлық мүшелеріне кәсіпорынның абыройын жоғары деңгейде танытқандары, шығармашылық ізденістері мен жарқын өнер көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»