«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 19,1 млрд. кВтс электр энергиясын өндіріп, 2018 жылды аяқтады, бұл 2017 жылдың дәл осындай көрсеткішінен 29%-ға жоғары. Тұтас алғанда, Қазақстан нарығында ЕГРЭС-1 өндірген электр энергиясының үлесі 18,9 %-ды құрады.  Станция бұл орайда жобалық жиынтық қуаты 3000 мВт құрайтын алты энергоблогының бәрі жұмыс істеп тұрып, 2018 жылғы 20 желтоқсанда қол жеткізген 3031 МВт рекордтық жүктемемен күзгі-қысқы кезеңге толық дайындығын көрсетті.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 19,1 млрд. кВтс электр энергиясын өндіріп, 2018 жылды аяқтады, бұл 2017 жылдың дәл осындай көрсеткішінен 29%-ға жоғары. Тұтас алғанда, Қазақстан нарығында ЕГРЭС-1 өндірген электр энергиясының үлесі 18,9 %-ды құрады. 

Станция бұл орайда жобалық жиынтық қуаты 3000 мВт құрайтын алты энергоблогының бәрі жұмыс істеп тұрып, 2018 жылғы 20 желтоқсанда қол жеткізген 3031 МВт рекордтық жүктемемен күзгі-қысқы кезеңге толық дайындығын көрсетті. Тұтас алғанда, сегіз энергоблоктың бәрі жұмыс істеген кезде, электр станциясының белгіленген қуаты 4000 МВт-ты құрайды.     

Жыл бойы Екібастұз ГРЭС-1 өз тұтынушыларын электрмен үздіксіз қамтамасыз ету үшін тұтас іс-шаралар кешенін орындады. Атап айтқанда, жыл басынан бері станцияда № 4 энергоблокта кеңейтілген жөндеу, № 3, 5, 7, 8 энергоблоктарда ағымдағы жөндеу, № 2 және № 6 энергоблоктарда күрделі жөндеу жүргізілді.

Бұдан тыс, қазір соңғы, есеп бойынша сегізінші, №1 энергоблокты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Станцияның бұдан басқа энергоблоктары секілді, аталған энергоблок күл тұту дәрежесі 99,6 % болатын жаңа буындағы тиімділігі жоғары электр сүзгісімен жабдықталады.  

2021 жылға қарай отын-көлік цехының өндірістік кешенін қайта құру және қайта жаңғырту жобасын аяқтау жоспарланған. Жоба цехтар жабдығының өнімділігін, сондай-ақ оның сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған. Аталған жабдық қазандық агрегаттары үшін қажетті отынды дайындау, тасымалдау және бөлу бойынша үлкен жұмыс атқарады, мәселен 2018 жылы станцияның «Богатырь Көмір» ЖШС-нен жеткізілетін көмірді тұтыну көлемі 11,636 млн. тоннаны құрады.   

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» Қазақстан Республикасы энергетикасының көшбасшысы болып табылады. Электр энергиясы нарығында кәсіпорын сенімді жеткізуші ретінде танымал. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің Бас директоры Мәди Уақасұлы Әбішев былай деп атап өтті: «Біз басты міндет – Қазақстанымыздың экономикалық дамуы мен өркендеуі үшін жұмыс істейміз. Сондықтан «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ін тек ҚР ғана емес, сонымен бірге ТМД-да қауіпсіз, экологиялық таза, тиімді және үлгілі электр станциясы ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз».