«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нде №1 энергоблокты жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, оны іске қосу 2023 жылы жүзеге асыру жоспарланған, бұл электр станциясына 4000 Мвт жобалық қуатқа қол жеткізуге және алдағы жылдары болжамды  электр энергиясына сұраныстың артуын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күнде барлық қалпына келтіру жұмыстары 41,8%-ға орындалды. Демонтаж жұмыстары аяқталушы кезеңде, монтаждау жұмыстары басталды. Қазандықтың қаңқасын қалпына келтіру бойынша жұмыстар соңғы кезеңде, құбыржолдарды және қазандықтың қызу беттерін монтаждау жүзеге асырылуда. Турбина жабдықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды. Тазартушы электр сүзгілерінің шанақтарын монтаждау бойынша жұмыстар аяқталды. 

Есеп бойынша сегізінші энергоблокты жұмысқа қосу станцияға оның қуатын тағы 500 МВт-қа жобалық 4000 МВт-қа дейін арттыруға және 54 жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Қайта құру процесіне қазақстандық мердігер ұйымдардың 400-ден аса жұмыскерлері қатысуда.

«Біз энергетикалық қуаттарды қалпына келтіру, электр энергиясына өсуші сұранысты қанағаттандыру, аймақта экологиялық жағдайды жақсарту және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша біздің мемлекеттің алдындағы міндеттерді сапалы және өз уақытында орындауға тырысамыз. №1 энергоблокты жұмысқа қосу станцияға жобалық қуатқа шығуға және өндірілген электр энергиясының мөлшерін жылына 3,4 млрд. КВтс-қа арттыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті кәсіпорынның бас директоры Еділ Копенов.

Жүзеге асырылған жобалар жөнінде ақпарат

2014 жылдың 28 желтоқсанында қуаты 500 МВт №2 энергоблок желіге қосылды. 2012 жылдың шілде айында станцияның өндірістік көрсеткіштерін елеулі арттыруға мүмкіндік берген қуаты 500 МВт №8 энергоблок іске қосылды.

Сондай-ақ №2 энергоблокты жұмысқа қосумен станцияның барлық энергоблоктарына жаңа буынды тиімділігі жоғары тазартқыш электр сүзгілерді орнату бойынша бағдарламаны жүзеге асыру аяқталды. Бұл түтін газдарының тозаңдану деңгейін 1500-ден 400 мг/м3 дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Екібастұз 1-МАЭС электр станциясының суды химиялық жолмен тазарту (ХСТ) жүйесін қайта құру бойынша жобаны алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды. ХСТ жүйесін қайта құру барысында ең жаңа мембраналы технологияларға өту іске асырылды, бұл тұзсыздандырылған суды химиялық дайындау бойынша жүйенің жұмыс сенімділігін елеулі арттырып қана қоймады, сонымен бірге операциялық шығындарды азайтуға да мүмкіндік берді. Тазартылған судың сапасы жақсарды – кермектік пен электрөткізгіштік кеміді.

2017 жылы Қазақстанның бірыңғай энергожүйесінің негізгі таратқыш құрылғысы болып табылатын АТҚ-500 кВ жаңарту бойынша ауқымды жоба аяқталды. Жоба барлық сапалық және табиғи ескірген жабдықтарды жаңа және жоғары технологиялық жабдықтарға ауыстырудан тұрды. Жаңарту Қазақстанның электр желілері жұмысының сенімділігін елеулі дәрежеде арттыруға мүмкіндік берді.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондар бойынша телефон соғыңыздар:

«ЕМАЭС-1 ЖШС»
Елена Киселёва
БАҚ байланыс жөніндегі менеджер
Тел:  +77 187 298   142
Ұялы: +7 705 707 99 34

Редакторлар үшін ескертулер

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4000 МВт орнатылған қуатпен электр энергиясын өндіруді және таратуды жүзеге асырушы конденсациялық түрдегі жылу электр станциясын білдіреді. ЕМАЭС-1 станциясына «Самұрық-Энерго» АҚ иелік етеді. Станцияның негізгі отыны Екібастұз кен орындарының тас көмірі болып табылады. Станцияда өндірілген электр энергиясының үлкен бөлігі Қазақстанның энергетикалық нарығында таратылады.