2017 жылдың 25 қазаны күні Екібастұз 1-МАЭС станциясына тәуелсіз директор, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі Хоакин Галиндо Велез ресми сапармен келді. 

Мейманды орталық басқару қалқанына (ОБҚ) электр энергиясын өндіру процессімен таныстырды.  Галиндо мырзаны 1кВт электр энергиясына жұмсалатын үлестік шығындар, энергоблоктардың жұмыс режимдері, жүктеменің диспетчерлік кестесі қалайша сақталып отыратыны, қуаттылық берудің сызбасы мен электр станциясының қызметімен байланысты болатын басқа да техникалық мәселелер қызықтырды.

Содан кейін бас директордың өзімен бірге меймандар блоктық басқару қалқанына (ББҚ-1) барып, 1-МАЭС станциясы «Самұрық-Энерго» АҚ тобына қосылғаннан кейін  инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы презентацияны қарады. Турбина цехында №1 және 2 энергоблоктарының жабдықтарын және де қалпына келтіру жұмыстарының барысыменкөріп-танысты. 

eb 1eb 1

Мейман химсудаярлау (ХСД) цехына барған кезінде, өткізілген жаңарту ісінің маңыздылығын, соның арқасында дайындалған судың сапасы бу турбиналарының жұмысындағы сенімділікті қамтамасыз ететіндігін айтты.

Тәуелсіз директор қызықтыратын сұрақтарға берілген толық жауаптар алды: өндірісті жаңартуға кеткен инвестициялар көлемінен бастап техникалық мәселелерге дейін, әрі станцияның әлеуметтік пакетіне дейін  сұраған болатын. Хоакин мырза кәсіпорында кездескен жұмыскерлерге тікелей сауал қойып отырды.

Кездесудің қорытындылары бойынша, мейман кәсіпорынның жоғары техникалық деңгейін, Қазақстандағы электр энергиясын негізгі жеткізуші ретіндегі станцияның маңызын, персоналдың жоғары біліктілігін, кәсіпорынды одан әрі дамытудың перспективалары мен мүмкіндіктерін айта кетті.


Хоакин Галиндо Велез (Joaquin Galindo Velez)

2017 жылдың қаңтар айында тәуелсіз директор әрі «Самұрық-Энерго» АҚ-ң Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. 1957 жылы Испанияның Кадис қаласында туған, мамандығы – өнеркәсіптік инженер, имеет  большой  опыт  работы  в  энергетических компаниях Испанияның, Португалияның, Италияның, Францияның және Чилидегі энергетикалық компанияларда жұмыс атқарған еңбек тәжірибесі мол.