Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС конденсациялық режимде электр энергиясы өндірісіне арналған. Максималды жүктеме қысқы кезеңге келеді.  1-МАЭС 4000 МВт орнатылған қуатымен қолданыстағы конденсациялық электр станциясы болып табылады.

2015 жылдан бастап 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығына дейін қоса алғанда соңғы 6 жыл ішінде «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС қызметкерлерімен 8 жазатайым оқиға болды, оларда 8 адам (ерлер – 7, әйелдер – 1) зардап шекті, олардың ішінде 3-і ауыр дәрежедегі жарақатпен, 5-і жеңіл дәрежедегі жарақатпен (оның ішінде нәтижесі ауыр 1 жазатайым оқиға нақты 2018 жылы болды, бірақ тергеу 2019 жылы жүргізілді).

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) проблеманың ауқымына, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін құру және алға жылжыту жұмыс орнындағы жыл сайынғы өлім-жітімді азайтуға қалай ықпал етуі мүмкін екеніне әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару үшін 28 сәуір күнін Дүниежүзілік еңбек қорғау күні немесе Дүниежүзілік жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні деп жариялады. Бұл күн алғашқы рет 2003 жылы атап өтілді.

Құрметті әріптестер!

Қоғамның компаниялар тобының негізгі міндеттерінің бірі қауіпсіз еңбек шарттарымен және өндірістік жарақаттануды азайтумен қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамға алға қойылған міндеттерді орындау бойынша жоғары міндеттемелер қойылды. Біздің жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірлерін сақтау мәселелері, әсіресе пандемияның күрделі кезеңінде, басшылар үшін, сондай-ақ әрбір жұмыскер үшін де басымдылыққа ие болып табылады.

Жұмыскерлердің қауіпсіздік деңгейінің жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға ғана емес, сонымен бірге бірінші кезекте ұйымның жоғары басшылығының тартылуына да тікелей байланысты болатындығын атап өткім келеді, себебі бір орында тұрып қалмауға және өз жұмыскерлерін сенімдірек қауіпсіздендіруге тырысатын ұйым әлемдік алдыңғы қатарлы тәжірибеге тартылуы және өзінде қосымша жақсартушы идеяларды енгізуі керек. 

Қауіпсіздік мәдениетін және өндірістік жарақаттанудың қолайсыздығын арттыру әрбір жұмыскердің жауапкершілік аймағы болып табылады. Сондықтан, біз қауіпсіздік және еңбекті қорғау жүйелерін жақсартуға үздіксіз жұмыс істеудеміз:

  • өндірістік жарақаттануды азайтуға, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және басшылықты тартуға бағытталған жобалар енгізілуде;
  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша, алдыңғы қатарлы өндірістік компаниялармен тәжірибе алмасу бойынша жұмыстар басталды;
  • барлық оқиғаларды, соның ішінде жазатайым оқиғаларға әкеліп соқтырған әлеуетті-қауіпті оқиғаларды міндетті тіркеулер, тексеру және есепке алу қарастырылған;
  • жұмыскерлерді оқиғалар мен әлеуетті-қауіпті оқиғалар жөнінде хабарламалар үшін ынталандыру механизмі енгізілді.

Егер қауіпсіз еңбек шарттарының бұзылуын, жабдықтардың жұмыстың қауіпсіз шарттарына сәйкессіздігін көрсеңіз, кез келген, соның ішінде өндірістік процесті де тоқтатуға сіздің құқылы екендігіңізді еске салғым келеді.

Сонымен бірге, ешбір ережелердің өз денсаулығы мен қоршаған адамдардың денсаулығын сақтау үшін дұрыс мағына мен жауапкершілік сезімін ауыстыра алмайтындығын атап өткім келеді. Сондықтан, жұмыстарды қауіпсіз жүргізудің – өзіміздің, біздің әріптестеріміздің, туысқандарымыз бен жақын адамдарымыздың алдындағы біздің міндеттемеміз екендігін есте ұстауды өтінеміз.

Басқарма Төрағасы 
С. Есімханов

pdfБасқарма Төрағасынің хабарламасы.pdf