Екібастұзда Жеңіс мерекесінің 77 жылдығына арналған мерекелік шара орталық алаңда өтті. Салтанатты жиынға қатысқан қала әкімі, майдангерлердің ұрпақтары мен қала тұрғындары, мемлекеттік құзырлы органдардың өкілдері, «Екібастұз 1-МАЭС» кәсіпорнының қызметкерлері «Даңқ» обелискісіне гүл шоқтарын қойды.


Жиналғандар фашизмге қарсы күрескен батырларды 1 минут үнсіздікпен еске алып, ардагерлердің еңбегіне тағзым етті. Орталық алаңға жиналған жұртшылықтың қолында отты 1941-1945 жылдары майдан шебінде соғысқан аталары мен әкелерінің суреттері болды. Бұл күні Қазақстанның әр өңірінде ескерткіш мемориалдарына, әскери борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алуға арналған монументтеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері ұйымдастырылды.

img 20220511 wa0078

img 20220511 wa0085

img 20220511 wa0086

img 20220511 wa0088