«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Ержан Ертаев «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің Бас директоры болып тағайындалды. Ертаев Ержан Ерболұлы 1985 жылы Павлодар облысында дүниеге келді. 2008 жылы Павлодар Инновациялық Еуразиялық Университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы және 2012 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды. Еңбек қызметін 2009 жылы «Павлодарлифт» ЖШС-нде электрмеханик, кейін Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы болып бастады. 


Әр жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ақмола және Қарағанды облыстары бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінде, ММ «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында» басқарушы лауазымдарда қызмет етті.
Соңғы лауазымы: «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Аппаратының Басшысы.   

samruk energy 20220504 5