Демалыс күндері құрылымдық бөлімшелер арасында волейболдан станциялық жарыстар өтті. Барлығы 7 команда қатысты (ЖАӨЦ, ОКЦ-1, Электр цехы, ЖЖСҚ, Басқарма, Ардагерлер, Техжөндеу).

Осы жарыстарға қатысқан барлық әріптестеріме алғыс айтамыз. Әсіресе, ЖЖСҚ және Басқарма командаларын атап өткіміз келеді. Барлық басқа командалар үнемі қатысып, тәжірибе жинақтап алса, бұл екі команда қатарға жаңадан қосылып отыр. Олардың ойын барысын қадағалау өте қызықты болды, алғашқы тәжірибе олардың спорттық іс-шараларға қатысу ниетінен айырмайды деп үміттенеміз.

Ардагерлер командасы өте жақсы дайындықпен келген, олар жеңімпаздар командасына бір ұпай ғана өткізіп алды.

Сонымен, орындар келесідей бөлінді: 3 орын - Техжөндеу, 2 орын-Ардагерлер, 1 орын - ОКЦ-1.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Марапаттауды кәсіподақ төрайымы - Чигвинцева Татьяна Александровна жүргізді. Жарыс кәсіпорын әкімшілігінің қолдауымен спорт әдіскерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

img 3518 sm

img 3563 sm

whatsapp image 2022 04 25 at 12.13.29

whatsapp image 2022 04 25 at 12.13.35