+7 7187 282 125

Рысқұлов Айдар Қайратұлы
Бақылаушы Кеңестің Төрағасы (Қатысушының өкілі) 

1981 жылғы 21 қыркүйекте туған. Қазақстан Республикасының азаматы. 

Білімі жоғары:

  • 2002 Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, Экономика факультеті, «Қаржы және Кредит»;
  • 2006 «Қазтұтынуодағы» Қарағанды Экономика Университеті, Заң факультеті, «Экономикадағы құқықтық реттеу»;
  • 2015 Назарбаев Университеті, «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» (Executive MBA), DUKE University-мен бірлескен бағдарлама.

2019 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарады.

2020 жылы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-ның әрекет ететін Қадағалаушы кеңесінің құрамына Қадағалаушы кеңестің Төрағасы ретінде сайланды.      

Туйтебаев Серік Сүйінбекұлы

Бақылаушы Кеңестің Мүшесі (Қатысушының өкілі)

1958 жылдың 27 мамырында туған. Қазақстан Республикасының азаматы. 

Білімі жоғары:

  • 1981 жылы Алматы энергетика институтын бітірген, жылу энергетикасы инженері.
  • 2000 жылы Алматы энергеттка институтын ЖЭК кәсіпорындарындағы экономика мен менеджмент мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1981-1983жж. – ОртаАзЭнергоМонтаж іске қосу мен ретке келтіруді басқару шеберінің көмекшісі.
  • 1983-1984 жж. – Алматы Энергетикалық университетінің еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының инженері.
  • 1984-1998 жж. – АЖЭО-2 турбиналық цехінің турбиналық жабдығы бойынша аралап өтуші машинисті, турбиналық цехінің турбиналық бөлімінің аға машинисті, турбиналық цехінің ауысым басшысы, турбиналық цехінің басшысы, «Алматы Пауэр Консолидэйтед» АҚ-ның бас инженері, басқарушы директоры.
  • 2007-2010 жж. – «Алматы электр станциялары» АҚ-ның басқарушы директоры (№ 2 ЖЭО).
  • 2010-2011 жж. - «Алматы электр станциялары» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
  • 2011-2013 жж. – Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы.
  • 2013-2014 жж. – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары.
  • 2014-2016 жж. – «Генерация» дивизионының басқарушысы.
  • 2016-2022 жж. – Қоғамның өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.
  • 2022 ж. маусымынан бастап қазанына дейін – Басқарма Төрағасының м.а.
  • 2022 ж. қазанынан бастап – Басқарма Төрағасы.

Айдаров Ансар Айдарұлы

Қадағалаушы Кеңестің мүшесі (Қатысушының өкілі)

1984 жылдың 24 сәуірінде дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі жоғары:

  • 2008ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Халықаралық қатынастар»;
  • 2012ж. Д. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы «Құқықтану»;
  • 2013ж. Гуманитарлық-Техникалық Академия «Экономика және Бизнес».

2020 жылдың маусымынан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ жобалық кеңсесінің басшысы лауазымында жұмыс істеп келеді. 

2020 жылы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің әрекет етуші Қадағалаушы кеңесінің құрамына Қадағалаушы Кеңестің төрағасы болып сайланды. 

 

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»