+7 7187 282 125

Екібастұз 1-МАЭС-ке Францияның Қазақстандағы Елшісі келді

Елена Киселева November 03, 2022

Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс Павлодар облысына сапары барысында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-де болды.

Құрметті қонақты Бас директордың м.а. Талғат Испулов Қазақстанның ірі электр станциясында іске асырылатын кәсіпорынның негізгі өндірістік көрсеткіштерімен және өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту әдістерімен таныстырды.

Сондай ақ еуропалық делегация мүшелері жұмыс отырысы барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірқатар мәселелерді талқылады.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»