+7 7187 282 125

Үздік маман

Елена Киселева October 16, 2022

Кәсіподақтар күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Екібастұз 1-МАЭС қызметкері Болат Бекеновті үздік техникалық инспектор деп таныды

2022 жылдың 10 қазанында Қазақстан Кәсіподақтар күнін мерекелеуге арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының«Бірлік. Әділдік. Даму» ынтымақтастық форумы өтті. Форум барысында кәсіподақ қызметінің үздік белсенділері марапатталды. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инспектор» номинациясында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС»  ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің КҚ қадағалау жөніндегі инженері Болат Бекенов жеңіске жетті.

Станция басшылығы мен барлық ұжымы Болат Бекеновті лайықты наградасымен құттықтайды және оған ары қарай табыстар, еңбекқорлық, батылдық пен мақсатқа талпынушылық тілейді.

Жедел желiсi ТОО «ГРЭС-1 им. Булата Нуржанова»