Басшылық

 whatsapp image 2022 05 25 at 12.00.26  

Ертаев Ержан Ерболович

Бас директор

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС

Туған күні: 01.07.1985

Туған жері: Павлодар облысы, Май ауданы

Отбасылық жағдайы: үйленген, төрт баласы бар

Тілдерді білуі: қазақша, орысша

Білімі, мамандығы (біліктілігі, лицензиялары): Павлодар Инновациялық Еуразия университеті, Өнеркәсіптік жылу энергетикасы (2008)

Павлодар Инновациялық Еуразия университеті, Құқықтану (2012)

Еңбек өтілі:

2009ж. – «ПавлодарЛифт» ЖШС электромеханигі.

2009-2013жж. – Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бас маманы, Павлодар қ..

2013-2014жж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің бас сарапшысы.

2014-2015жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басқарма басшысы.

2015-2017жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, Көкшетау қ.

2017-2018жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысы. Қарағанды облысы бойынша, Қарағанды қ..

2018-2020жж. – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасының орынбасары.

2020-2021жж. – «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы.

04.2021ж - «Самұрық-Энерго»АҚ Басқарма Төрағасы аппаратының басшысы.

05.2022ж. бастап – «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС бас директоры.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  1. «Құрметті энергетик» төс белгісі (желтоқсан, 2019ж.);
  2. «РЕМЕМЭЛ жоспарына 100 жыл» медалі (2020ж.);
  3. «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі

(желтоқсан,2020ж.)

bazarbaev

Базарбаев Талғат Мылтықбекұлы

Бас инженері

Туған күні: 26.07.1981ж.

Туған жері: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

Отбасы жағдайы, туысқандық байланыстар: үйленген, үш баласы бар

Тілдерді білуі: қазақша, орысша

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензииялары:

Алматы энергетика және байланыс институты, Жылу электр станциялары (Инженер-жылу энергетигі) (2003)

Еңбек өтілі:

2003ж. - «Еуразиялық энергетикалық корпорация» ААҚ бесінші топтағы қазандық жабдықтары жөніндегі аралаушы-машинист;

2003-2004жж. – «АЕS Экибастуз» ЖШС пайдалану цехының бесінші топтағы қазандық жабдықтары жөніндегі аралаушы-машинисі;

2004-2005жж. - Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде әскери қызмет;

2005-2007жж. - "АЕS Экибастуз" ЖШС турбина жабдықтарын пайдалану цехының алтыншы топтағы турбина жабдықтары жөніндегі аралаушы-машинисі;

2007 – 2010жж. - "АЕS Экибастуз" ЖШС турбина жабдықтарын пайдалану цехының жетінші топтағы энергоблок машинисі (турбина жөніндегі);

2010-2011жж. - «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС қазандық жабдықтарын пайдалану цехының сегізінші разрядтағы энергоблок аға машинисі;

2011-2014жж. - «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС қазандық жабдықтарын пайдалану цехы бастығының орынбасары (пайдалану жөніндегі);

2014-2021жж. - «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС қазандық-турбина-1 цехының бастығы;

26.04.2021ж. бастап - «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС бас инженер.

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

  • · Атақ: "Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығының Құрметті энергетигі". (2015).