ryskulov ak

Рысқұлов Айдар Қайратұлы

Бақылаушы Кеңестің Төрағасы (Қатысушының өкілі) 

1981 жылғы 21 қыркүйекте туған. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі жоғары:

  • 2002 Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, Экономика факультеті, «Қаржы және Кредит»;
  • 2006 «Қазтұтынуодағы» Қарағанды Экономика Университеті, Заң факультеті, «Экономикадағы құқықтық реттеу»;
  • 2015 Назарбаев Университеті, «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» (Executive MBA), DUKE University-мен бірлескен бағдарлама.

2019 жылғы қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарады.

2020 жылы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-ның әрекет ететін Қадағалаушы кеңесінің құрамына Қадағалаушы кеңестің Төрағасы ретінде сайланды.

Туйтебаев Серік Сүйінбекұлы

Бақылаушы Кеңестің Мүшесі (Қатысушының өкілі)

1958 жылдың 27 мамырында туған. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі жоғары, 1981 жылы Алматы энергетикалық институтын «Жылу электр станциялары», инженер – жылу энергетигі мамандығы бойынша аяқтайды, 2000 жылы жоғарыда аталған институтты «ЖЭК (ЭМТК) кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент», инженер-экономист мамандығы бойынша да оқып бітіреді.  

2014 жылдың қаңтарынан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Генерация» дивизионының басқарушысы лауазымын иеленуде. 2010 жылдың наурызынан бастап 2013 жылдың желтоқсанына дейін «Алматы электр станциясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы, Алматы қ. Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының бастығы, «Севказэнерго» АҚ-ның өндіріс жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 

2014 жылы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің әрекет етуші Бақылаушы Кеңесінің құрамына сайланды.  2014 жылдан бастап 2019 жылдың наурызына дейін Бақылаушы Кеңестің Төрағасы лауазымын иеленді. 

Бақылаушы Кеңес мүшесінің негізгі міндеттеріне Бақылаушы Кеңестің мәжілістеріне тұрақты қатысып отыру, Қатысушы немесе Бақылаушы кеңес арқылы қабылданған шешімдерді орындау және т.б. кіреді. 

aidarov ansar

Айдаров Ансар Айдарұлы

Қадағалаушы Кеңестің мүшесі (Қатысушының өкілі)

1984 жылдың 24 сәуірінде дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматы.

Білімі жоғары:

  • 2008ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Халықаралық қатынастар»;
  • 2012ж. Д. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы «Құқықтану»;
  • 2013ж. Гуманитарлық-Техникалық Академия «Экономика және Бизнес».

2020 жылдың маусымынан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ жобалық кеңсесінің басшысы лауазымында жұмыс істеп келеді. 

2020 жылы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің әрекет етуші Қадағалаушы кеңесінің құрамына Қадағалаушы Кеңестің төрағасы болып сайланды.